Жапонияның оңтүстігінде орналасқан Кюсю аралында ел аумағындағы ең белсендіжанартаулардың бірі - Сакурадзим жанартауы оянды.
Түтін мен шаң-тозаң 4,5 шақырым биіктікке көтерілген, деп хабарлайды елдің ұлттық метеорологиялық басқармасы.
Лава мен шаң-тозаң Ибусики қаласына қарай жақындап келеді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.