Футболдан Әлем чемпионаты қазақстандық букмекерлік кеңселерде тек үш телеарнадан көрсетілуі керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Әлем чемпионаты қазақстандық букмекерлік кеңселерде тек үш телеарнадан көрсетілуі керек

12.05.2014
Футболдан Әлем чемпионаты қазақстандық букмекерлік кеңселерде тек үш телеарнадан көрсетілуі керек
«KAZsport» телеарнасы Бразилияда өтетін футболдан Әлем чемпионатына екі шығармашылық топ аттандырмақшы. Бұл туралы өткен Қазақстан аумағында футболдан 2014 жылғы Әлем чемпионаты ойындарын трансляциялауына қатысты баспасөз конференциясы барысында айтылды.
 
«Жалпы әлемдік матч Бразилияның 12 қаласында өтеді. Біз оның 8 қаласын қамтимыз. Бізден баратын комментаторлар қатарында Ермұхамед Мәулен, Павел Цыбулин бірінші топта болса, Ермек Төрениязов пен Тимур Сүлейменов – екінші топтың құрамында. Бұл қызметкерлер бесаспап. Өздері монтаждайды, өздері режиссер, өздері редактор, оператор», дейді ол.
 
Тағы бір айта кетерлігі, айтулы шара кезінде елдегі барлық спорттық мекемелер, букмекерлік кеңселерде футболдан Әлем чемпионатының ойындары тек қазақстандық үш телеарнадан көрсетілуі керек. Олар: «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «KAZsport» және «Еуразия» Бірінші арнасы.
 
«Бұл жұмыс үшін арнайы топ құрылады, рейд жүргізіледі. Чемпионат кезінде барлық спорттық мекеме басқа елдің емес, өзіміздің үш арнаны көрсетуі керек. Олай болмаған жағдайда шара қолданылатын болады», дейді Диас Ахметшәріп.
 
Айта кетейік, футболдан Әлем чемпионаты 12 маусым мен 13 шілде аралығында Бразилиядаөтеді. Әлем біріншілігінің ақтық кезеңіне 32 құрама қатысады.

Хабарламаларға жазылу