15 мамыр күні елордада кемемен жүзу маусымы ашылады. Бұл туралы astana.kz сайты Астана қаласының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Салтанатты рәсімге Мүгедектер үйінің тәрбиеленушілері, соғыс ардагерлері мен құрметті қонақтар қатысады. Кемемен серуендеу ұзақтығы 9 шақырымды құрайды. Бүгінде кәсіпорын флотында 8 кеме бар. Сонымен бірге, сүйрейтін кеме мен құтқару қайығы да алынған. Қазіргі уақытта елордада «Кенесары» және «Редиссон» жағажай айлақтары қала қонақтары мен тұрғындарына қызмет көрсетеді.
|