«Физрук» комедиясының екінші маусымының түсірілімі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Физрук» комедиясының екінші маусымының түсірілімі басталды

14.05.2014
«Физрук» комедиясының екінші маусымының түсірілімі басталды
 
«Good story media» және «Mfmedia» компаниялары бірлесіп түсірген «Физрук» комедиялықтелехикаясының премьерасы 7 сәуір күні өткен болатын. Ал 6 мамыр күні  туындының екінші маусымының түсірілімі басталды.
 
Жалпы, телехикая тоқсаныншы жылдар және бүгінгі толқынның  «қақтығысуы» туралы өрбиді. Басты рөлдегі Олег Фомин (Дмитрий Нагиев), лақап аты – Фома, өмір бойы Мамай дейтін беделді кәсіпкердің күзетшісі болып қызмет етеді. Күндердің күнінде басшысы оны жұмыстан шығарып жібереді. Бірақ, Фома қалай да болса, орнына қайтып келуге бел буады.
 
Алғашында Фома мұның жолдарын өзі ешқашан көрмеген Мамайдың ұлы Александр арқылы қарастырмақ болып, досы  Леханың көмегімен бастығының баласы оқитын мектепке дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасады.  Алайда, Саня қыз бала болып шығады. 
 
Арада түсінбестік болып, телехикаяның алғашқы бөлімінде-ақ, Саня Фомаға ренжіп қалады. Бірақ, оңай берілетін Фома емес. Ол енді Сашаның ең жақын досына айналу үшін барын салады.
 
Олег Евгеньевич – (Фоманы осылай атайды) өзіне мүлдем жат мұғалімдер мен балалардың ортасына түседі. Бұл жердегі адамдар Фома бұрын араласқан ортадан мүлдем өзгеше. Барлық адамды бірдей өзгерту мүмкін емес, сондықтан Фома өзі өзгеруге тырысып көреді.
 
Туындының режиссерлері - Сергей Сенцов, Фёдор Стуков. Сценарийін жазғандар - Ксения Воронина, Константин Майер, Александр Вялых, Михаил Чистов, Алексей Ляпичев.
 
Басты рөлдерде - Дмитрий Нагиев, Владимир Сычёв, Александр Гордон, Анастасия Панина, Полина Гренц және басқалар ойнайды.

Хабарламаларға жазылу