«Астана - Теміртау» тасжолы 2016 жылы салынып бітеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана - Теміртау» тасжолы 2016 жылы салынып бітеді

14.05.2014
«Астана - Теміртау» тасжолы 2016 жылы салынып бітеді
«Жалпы ұзақтығы 171 шақырым жол жеті лотқа бөлінген. Қазіргі кезде бес лот бойынша бас мердігерлермен келісімшарт жасалды, қалған екеуі үстіміздегі жылы өткізіледі», деп жазады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің ресми сайты.
 
«Өткен жылы 6,3 шақырым бөлігінде бір бағытта цемент-бетон жамылғысы төселді, 2014 жылы екі бағытта да 22 шақырым жамылғы төсеу жоспарлануда. Жол 4 жолақты І техникалық категорияға ауыстырылады. Биыл ұзақтығы 12 шақырым бөлігін пайдалануға беру көзделген. Құрылыс жұмыстарын 2016 жылы толықтай аяқтау жоспарланған. Қазіргі кезде қайта салу жұмыстарына 335 техника жұмылдырылып, 846 жұмыс орны ашылды», делінген хабарламада.

Хабарламаларға жазылу