EXPO көрмесіне экспонаттарын орнататын елдердің тізімі 2015 жылы белгілі болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EXPO көрмесіне экспонаттарын орнататын елдердің тізімі 2015 жылы белгілі болады

15.05.2014
EXPO көрмесіне экспонаттарын орнататын елдердің тізімі 2015 жылы белгілі болады
 
EXPO көрмесіне қатысып, өз экспонаттарын орнататын елдердің нақты тізімі 2015 жылы белгілі болмақ. ХКБ талабы бойынша олар 250-1000 шаршы метрге жерге тапсырыс бере алады, деп хабарлайды astana.kz.
 
Жоспарға сәйкес барлық нысан құрылысы 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін толықтай аяқталуы керек. Ал, 2017 жылдың 1-қаңтарынан шетелдік қатысушылар өз экспонаттарын орналастырады.
 
«Бүгінгі күні құрылыстың негізгі құрылымына дайындық жұмыстары жүруде. Атап айтсам, жерді тегістеу және қажетті қара топырақты жинап, сақтау. Сол жерді қоршап, құрылыс жүріп жатқанын көрсету. Үшінші мәселе, уақытша инфрақұрылымдарды тарту. Еске салсақ, жақында ғана Елбасы көрме өтетін аймақта EXPO-ның қазығын қаққан еді. Қазір ол жерде геологиялық, инженерлік жөндеу жұмыстары басталып кетті. Құрылысқа табиғи материалдар пайдаланылмақ», - дейді «Астана EXPO - 2017» ҰК» АҚ құрылыс және сәулет жөніндегі басқарма төрағасының кеңесшісі Қанағат Тілемісов.

Хабарламаларға жазылу