Атырауда Батыс Қазақстан облысының мәдениет күндері өтті. Мәдени шараға 300 әртіс, қолданбалы өнер шеберлері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атырауда және облыс аудандарында Дәулеткерей атындағы халық аспаптары оркестрі, Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының ұжымы зор табыспен өнер көрсетті.
Көрші облыстың бай тарихы «Батыс Қазақстанның жауһар қазынасы» атты көрмеге қойылды. Сондай-ақ, бас дирижер Александр Шевелев басқаратын облыс әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі концерт қойды.
Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов өз сөзінде: «Мұндай шаралар тәжірибе алмасып, екі облыс шығармашылық ұжымдары арасында достық байланыстарды орнатуға мүмкіндік береді. Бүкіл республика бойынша мұндай мәдениет күндерін өткізу аймақтардың мәдени өмірін байытып, шығармашылықты одан әрі дамытуға серпін береді, жемісті еңбекке ынталандырады», - деді.
|