Қызылорда: Әскери бөлім сарбаздары судан уланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда: Әскери бөлім сарбаздары судан уланған

18.05.2014
Қызылорда: Әскери бөлім сарбаздары судан уланған
Қызылорда облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті қаладағы№55/47 әскери бөлімінің сарбаздары арасында  бір мезгілде топтасқан жедел ішек ауруының тіркелуіне байланысты түскен құжаттарды зерделеп, төмендегідей эпидемиологиялық алдын-ала тұжырымдаманы ұсынды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «ҚазАқпарат» хабарлады.
 
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына келіп түскен 27 науқастың бактериологиялық зерттеу қорытындысында «дизентерия Флекснера II-а» қоздырғышы анықталды. Аталмыш ауру су арқылы таралады.
 
Эпидемиологиялық тұжырымдамада аурудың су арқылы таралғаны расталғанымен, жалпы елді мекеннің су жүйсіне қатысты емес екені хабарланған.
 
«Ауызсудың  сапасыз екені анықталды. Алайда Қызылжарма ауылы тұрғындары арасында ауру белгісі тіркелмеуі -  мәселенің әскери бөлімнің су жүйесімен байланысты екенін көрсетеді», - делінген хабарламада.
 
Қазіргі уақытта аталған әскери бөлімнің сарбаздары дәрігерлердің бақылауында. Сондай-ақ, аурудың алдын-алу мақсатында Қызылжарма ауылының тұрғындарына бактериофагтар таратылуда. Ал, әскери бөлімнің ішкі су жүйесіне 17 сәуір күні залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Хабарламаларға жазылу