Джиро д'Италия көпкүндігінің 8-ші кезеңінен кейін «Astana Pro Team» шабандозы Фабио Ару жалпы есепте 5-ші орынға көтерілді.
179 шақырымға созылған бұл кезең - 2004 жылы 34 жасында қазаға ұшыраған италиялық шабандоз Марко Пантаниге («Пират») арналды.
Фабио Ару мәре сызығын 9-шы кесті. Ол жеңімпаздан небәрі 17 секунд қалып қойды. Бұл нәтижеден кейін велошабандоз жалпы есепте бесінші сатыға көтерілді. Ол жарыс көшбасшысынан 1 минут 39 секунд қалып келеді.
|