Үндістандық науқастың асқазанынан 12 құйма алтын табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістандық науқастың асқазанынан 12 құйма алтын табылды

18.05.2014
Үндістандық науқастың асқазанынан 12 құйма алтын табылды
Әлемдегі ең ірі алтын тұтынушы елдердің бірі саналатын Үндістанда контрабанда асқынып тұр. Бұл бағалы металды импорттауға төленетін баж салығын арттырғаннан кейін күшейе түсті.
 
Үндістандағы ауруханаларының бірінде хирургтер науқастың асқазанынан 12 құйма алтын тапқан, деп хабарлайды британдық The Daily Mirror басылымы.
 
Ауруханаға түскен 63 жастағы азамат іші ауыратынын айтқан. Ол дәрігерлерге әйелімен ұрыс кезінде бөтелке тығынын жұтып қойғаннан кейін сырқаттанғанын айтқан.
 
Медицина қызметкерлері үш сағаттық отадан кейін науқастың асқазанынан салмағы 400 грамм алтынды тапқан. Бағалы металды полиция мен кеден қызметі тәркілеген. Дәрігерлер контрабандашының өмірін сақтап қалды.

Хабарламаларға жазылу