Мемлекеттік тілді дамыту қоры жастар арасында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында «www.soyle.kz» интернет-порталының парақшасында әлеуметтік сауалнама жүргізді.
Сауалнамаға қатысушыларға мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне қатысты бірнеше жауап нұсқалары ұсынылды. Сауалнама нәтижесі жастардың 77, 7 пайызы қазақ тілінде еркін сөйлейтінін көрсеткен.
Оған еліміздің барлық аймағынан 5 мыңға жуық 18 бен 30 жас аралығындағы жастар қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Биыл қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесін берген «Тіл туралы» Заңның қабылданғанына 25 жыл толады. Еліміздің 60 пайыздан астам оқушылары мемлекеттік тілде білім алуда.
|