Қазақстан Президенті мемлекеттік сапармен Қытайға келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Президенті мемлекеттік сапармен Қытайға келді

19.05.2014
Қазақстан Президенті мемлекеттік сапармен Қытайға келді
 
 
Қазақстан Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Қытайға келді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  
 
«Сапар барысында Қазақстан Президенті Шанхай қаласында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездеседі. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар қытайлық компаниялардың басшыларымен кездесу өткізеді», - делінген хабарламада.  
 
Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің IV саммитінеқатысады. Онда тұрақтылықты және аймақтық қауіпсіздікті нығайтудың өзекті мәселелері талқыланады.
 

Хабарламаларға жазылу