Тіпті жаңадан шыққан «Samsung Galaxy S6» жағдайды түзете алар емес.
Компанияның осы жылдың маусым айына дейін түсірген табысы 6,9 триллион вон немесе 6,1 миллиард долларға тең. Ал, болжам бойынша күткен табыс 7,2 триллион вон немесе 6,4 миллиард доллар еді.
Мәселен «Samsung» компаниясы осы жылдың сәуір-маусым аралығында 78 миллион смартфон шығарған. Өткен жылы дәл осы уақыт аралығында 85 миллион данасы шыққан еді. Яғни биылғы өнім 7 миллионға аз.
Сатылымның бұлайша төмендеуіне себеп бар. Әлемдік нарықта Самсунгке қарсы екі негізгі бәскелесті айтып өтуге болады. Оның бірі «Apple» компаниясының өнімдері, екіншісі Қытайдың арзан телефондары.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ