«Журналист» газеті қайта шығарыла бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Журналист» газеті қайта шығарыла бастады

19.05.2014
«Журналист» газеті қайта шығарыла бастады
Бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Коника Минолта» компаниясының «Kmlab» атты жоғары технологиялар зертханасының тұсауы кесілді. 
 
Бұған журналистика факультетінің «Қазақ университеті» баспасы қолдау көрсетті. Енді мұнда аптасына бір рет «Журналист» газеті шығып тұратын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
Бұл туралы бүгін аталмыш университет қабырғасында өткен тұсаукесер рәсімінде баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдар докторы Гүлмира Сұлтанбаевамәлімдеді.

Оның айтуынша, университетте өткен ғасырдың 40-шы жылдары шығып тұрған басылымда кезінде Тауман АмандосовҚайыржан БекхожинМарат Барманқұлов тәрізді белгілі журналистермен қатар басқа да белгілі тұлғалар жұмыс істеген.
 
 «Енді ұлттық университеттің студенттері өндірістік жағдайда баспа ісіндегі дизайн жүйесін меңгеретін болады. Алдағы қырүйек айынан бастап, үш деңгейлі элективтік оқу курсы ашылады. Онда журналистер журналистика мамандығы бойынша баспа ісін жан-жақты үйренеді. Ал«Журналист» газеті аптасына бір рет қазақ және орыс тілінде шығып тұрады. Онда тек студенттердің ғана мақалалары жарық көретін болады», - деді Г.Сұлтанбаева.

Хабарламаларға жазылу