Атырау облысында жолаушылар пойызы апатқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында жолаушылар пойызы апатқа ұшырады

20.05.2014
Атырау облысында жолаушылар пойызы апатқа ұшырады
Кеше, 19 сәуір күні «Алматы-Атырау» бағыты бойынша бет алған №42-ші жүрдек пойыз сағат 17:55-те «Сағыз-Мақат» учаскесінде апатқа ұшырады. Вагондар рельстен шығып кеткен. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
 
Пойыз құрамына 19 вагон тіркелген. Алдын ала берілген мәліметке қарағанда, 7 адам емдеу мекемесіне жеткізілген.
 
«Жолаушылар эвакуациялануда. Жағдай бақылауға алынды. «ҚТЖ» ҰК АҚ жолаушыларды Атырау және Мақат станцияларына жеткізу үшін 14 вагон жөнелтті.
Оқиға орнына Атыруа облысы ТЖД қызметкерлері, ТЖМ авиациясы аумақтық аэромобилді оперативті-құтқару отряды (31 адам, 7 техника, 2 еврокоптер-тікұшақ), облыстық ІІД қызметкерлері жіберілді», деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
 
Бас көлік прокуратурасы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.

Хабарламаларға жазылу