Германия футбол одағаның президенті Вольфганг Нирсбах 2022 жылдың жазында Катарда өтетін Әлем чемпионатын 2023 жылдың қысына ауыстыруды ұсынды.
Бұған дейін, ФИФА-ның бас хатшысы Жером Вальке 2022 жылғы әлем біріншілігі маусым-шілде аралағында өткізілмейтінін мәлімдеген болатын. Өйткені, бұл кезеңде Катарда күн 40 градусқа дейін ыстық болады.
«Егер футболдан Әлем чемпионаты 2022 жылдың қысында өткізілсе, онда ол Олимпиада ойындарымен тұспа-тұс келеді. Сондықтан да ФИФА басшылығы турнирді 2023 жылдың қысында өткізу мүмкіндігін қарастыруы тиіс», - дейді Нирсбах.