Алматыда тұңғыш рет әскери қызметкерлер арасында бокстан 55-ші Әлем чемпионаты өтеді. Спорттық шара Кеңес одағының батыры, Халық қаһарманы, ҚР тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағанбетовті еске алуға арналған.
Сайыста әлемнің 25 елінің, атап айтқанда Колумбия, Франция, Бразилия, Шри-Ланка, Оңтүстік Корея, Ресей, Голландия, БАӘ, Кувейт, Тунис, Грузия, Ирак, Нигерия елдерінің белгілі спортшылары қолғап түйістіреді. Жарыс 26 мамыр мен 4 маусым аралығында «Достық» спорт кешенінде өтеді. Ашылу салтанатына ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері, қала әкімшілігі, Отан соғысының және ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері қатысады деп жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат. |