VII Астана экономикалық форумы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

VII Астана экономикалық форумы ашылды

21.05.2014
VII Астана экономикалық форумы ашылды
Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында VII Астана экономикалық форумы ашылды. Шара аясында ІІ Халықаралық «Антиконтрафакт» форумы басталды. 
 
«Антиконтрафакт» форумы – контрафактілі өніммен күрес, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өркениетті нарығын қалыптастыру саласында билік, бизнес, ғылым өкілдерінің, құқық иеленушілердің, өндірушілердің, авторлар мен жұртшылықтың сындарлы сұхбат құруына арналған халықаралық алаң.
 
«Антиконтрафакт» форумының бірініші сессиясы Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау жөніндегі заңнамаларды үйлестіру мәселелеріне арналды. Ал екінші сессияның тақырыбы – Интернет желісінде зияткерлік құқықтарын қамтамасыз ету.
 
Форумға ҚР Әділет министрі Берік Имашев пен ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев қатысуда.
 
 

 

Хабарламаларға жазылу