Астанадағы Тәуелсіздік сарайында VII Астана экономикалық форумы аясындағы Халықаралық журналистика саммиті жалғасуда.
Жиында ТМД-дағы дата журналистиканың қазіргі жағдайы, контент құрудағы идеялар платформасы, журналистикадағы әлеуметтік медиа сынды тақырыптар талқыланды.
Саммит спикерлері қатарында ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының орынбасары Алтай Әбибуллаев, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Мұхамеджанова, «Finanz und Wirtschaft» бас редакторы Александр Трентин бар.
Сондай-ақ, жиында API Яндекс.Карт маркетологы - Андрей Чеботарев, Euronews ағылшын қызметінің басшысы Найл О Рэйли ойларымен бөлісті.
Шараны «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы мен «SUCCESS K» Медиа агенттігі ұйымдастырып отыр.
|