EXPO-2017 көрмесінің нышанына байқау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EXPO-2017 көрмесінің нышанына байқау басталды

24.05.2014
EXPO-2017 көрмесінің нышанына байқау басталды
 
 
«Астана EXPO-2017» ҰК» АҚ «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің үздік нышанының (маскоты) дизайнына байқау басталды. Бұл туралы «Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлайды.
 
«Көрме нышаны алдағы іс-шараның тақырыбын және еліміздің мәдениетінің ерекшеліктерін барынша таныта алатын жанды немесе жансыз кейіпкер (фр. mascotte - «табыс әкелетін адамның, жануардың бейнесі немесе нысан») болуы мүмкін», делінген хабарламада. 

Жұмыстар бір ай ішінде, 2014 жылғы 20 мамырдан бастап 20 маусымға дейін (байқаудың электронды поштасы - mascot@expo2017astana.kz) қабылданады. Барлық жұмыстың ішінен сарапшылар 7 үздік дизайн жобаларды таңдайды. 

Финалға шыққандардың жұмысы жеңімпазды анықтау үшін бүкілхалықтық дауыс беруге шығарылады. Дауыс беру - арнайы сайтта және оның ұялы телефондағы нұсқасында жүргізіледі. Байқауға аудитория назарын аудару үшін жарнамалық компания іске қосылады.

Байқаудың жеңімпазы «Астана EXPO-2017» ҰК» АҚ-мен маскоттың брендбугын әзірлеуге келісімшарт жасайды. 

Қатысу шарттары байқау туралы ережеде көрсетілген.  Ереже ұлттық компанияның сайтында жарияланған.
 
Байқау бойынша толық мәліметті mascot@expo2017astana.kz. электронды поштасына хабарласу арқылы алуға болады.

Хабарламаларға жазылу