Бразилияда футболдан Әлем чемпионатын қабылдайтын қалаларда қоғамдық тәртіпті 57 мың әскери, сонымен қатар 100 мың полиция қызметкері мен басқа да қызметтің өкілдері қадағалайды.
Елдің қорғаныс министрі Селсо Аморим чемпионат кезіндегі тәртіпті қадағалау жоспарын таныстырды. Тәртіп сақшылар бірінші кезекте стадион, әуежай және қонақүйлерді бақылауда ұстайды.
Бразилия үкіметі қосымша қауіпсіздік шаралары үшін 628 миллион еуро жұмсамақ.
Естеріңізге сала кетейік, елде жаппай демонстрациялық шаралар жалғасуда. Шеруге шыққандар елде Әлем чемпионатын өткізуге қарсы. Олардың пайымдауынша, бұл жобаға жұмсалған қаражатты денсаулық, білім және көлік саласына бағыттау маңызды.
|