Иран билігі банктегі алаяқтығы үшін жергілікті миллиардерді өлім жазасына кесті. Бұл туралы РИА Новости Иран мемлекеттік телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Миллиардер Махафарид Амир Хосрави банкте 2,6 миллиард доллар қаржыға қатысты алаяқтық жасаған деп айыпталды.
Көпшілікке Амир Мансур Ариа есімімен белгілі бизнесменге қатысты үкім Тегеранның солтүстігіндегі Эфин абақтысында орындалған.
Осы іс бойынша тағы үш адам айыпталуда. Оларға да өлім жазасы тағайындалуы мүмкін.
|