Бүгін, еліміздің барлық мектебінде дәстүрлі Соңғы қоңырау шарасы өтуде.
ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мектеп бітіруші түлектерге арнайы құттықтауын жолдады.
«Мерекелеріңіз құтты болсын! Мектеп бітіру - адам өміріндегі ең үлкен, ең жауапты қадам. Осы қадамдарыңыз сәтті болсын! Ұлттық бірыңғай тестілеуді жақсы тапсырып, өздеріңіз қалаған оқу орнына түсіп, ел игілігі үшін қызмет ететін маман болуларыңызға тілектеспін! Соңғы қоңырау - алғашқы ірі жетістікке жеткізсін! Сәттілік пен жақсылық тілеймін!»,-деді министр құттықтауында.
Айта кетейік, биыл Қазақстанда 134 648 оқушы мектеп бітіруші түлектер қатарында.
|