Енді шотыңызды egov.kz порталы арқылы толтыра аласыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді шотыңызды egov.kz порталы арқылы толтыра аласыз

27.05.2014
Енді шотыңызды egov.kz порталы арқылы толтыра аласыз
Бүгіннен бастап Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотты толтыру мен қарызды өтеуді Қазақстанның электрондық үкіметінің egov.kz порталы арқылы атқаруға болады.
 
Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
«Бұл қызметтерді қолдану үшін egov.kz порталына тіркелу және Қазақстан аумағындағы кез келген екінші деңгейдегі банктерден шығарылған Visa емесе MasterCard төлем карталарының болуы қажет. Бұл ретте электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) талап етілмейді», - деп атап өтті ол.
 
А.Жұмағұловтың айтуынша, карта шотына аудару комиссиясы белгіленген - 150 теңге. Ол басқа банктердің карта ұстаушыларынан қосымша комиссиясыз Қазкоммерцбанктің процессингтік орталықтарына төленеді. Осы орайда ҚТҮҚЖБ белгілеген жарнаның ең төменгі сомасы - 1000 теңге.
 
Айта кетейік, бағдарламаны сынақтан өткізген бір апта ішінде аталған қызметті 17 клиент бағалап үлгерген.

Хабарламаларға жазылу