Еуропалық қайта құру және даму банкінің Астанадағы аймақтық кеңсесі жаңа орынға көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропалық қайта құру және даму банкінің Астанадағы аймақтық кеңсесі жаңа орынға көшті

10.07.2015
Еуропалық қайта құру және даму банкінің  Астанадағы аймақтық кеңсесі жаңа орынға көшті

Еуропалық қайта құру және даму банкінің Астанадағы аймақтық кеңсесі жаңа орынға көшті.

Салтанатты ашылу рәсіміне  банктің вице-президенті Бетси Нельсон мен аталмыш банктің Қазақстандағы өкілдері қатысты.

Жыл санап банктің біздің елмен бірлескен жобалары көбеюде.

Айта кетейік, Еуропалық қайта құру және даму банкі тек биылғы жылдың өзінде Қазақстанда 501 миллион АҚШ долларын құрайтын 16 жобаға қол қойған.

Бұл банк жұмысының біздің елде жемісті жүріп жатқанын көрсетеді. 

Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстандағы шағын бизнесті дамытуға, жеңіл өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы саласындағы жеке секторды қолдауға және жасыл экономикаға қаржы салады.

 

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу