Спортшыларға Әнұранды білуді міндеттейтін заң Мәжілісте мақұлданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Спортшыларға Әнұранды білуді міндеттейтін заң Мәжілісте мақұлданды

28.05.2014
Спортшыларға Әнұранды білуді міндеттейтін заң Мәжілісте мақұлданды
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында  «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң жобасы  мақұлданды.
 
Заң жобасында  дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті органның құзыреті нақтыланған. Сондай-ақ, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпионы атанған мүгедек-спортшылардың тізімі кеңейтілді.
 
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Майра Айсина қосымша баяндамасында  Заң жобасының негізгі мақсаты дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнаманы жетілдіру,  дене шынықтыру мен спорттың тұрлаулы жүйесін және осы салада тиімді мемлекеттік басқаруды құру қажеттігі екенін айтып өтті.
 
«Заң жобасы спортшыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін білуді міндеттейді. Спорт түрлері бойынша спорттық іс-шараларды спортшылармен қамтамасыз етуге, даярлауға және қатысуға байланысты  қызмет көрсетуге, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындарда мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолданбай спорттық  іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге рұқсат ететін нормалармен толықтырылады»,- деп түсіндірме жасады М.Айсина.
 

Хабарламаларға жазылу