Біз Еуразиялық экономикалық одақ құратын мәреге жеттік - А.Лукашенко - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Біз Еуразиялық экономикалық одақ құратын мәреге жеттік - А.Лукашенко

29.05.2014
Біз Еуразиялық экономикалық одақ құратын мәреге жеттік - А.Лукашенко
«Біз Еуразиялық экономикалық одақ құратын мәреге жеттік».
 
Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы барысында Беларусь президенті Александр Лукашенко осылай деді.
 
«Біз бірлесіп, бірнеше жыл бойы еуразиялық интеграцияның азапты жолынан өттік. Әрбір қадам оңай болған жоқ. Дегенмен, біздің халқымыз бейбітшілік пен достықта өмір сүріп, өзара тиімді ынтымақтастықтың мығым негізінде жүзеге асырылатын басты мақсатымызды көре білдік»,-  деді ол.
 
Сондай-ақ, А.Лукашенконың атап өтуінше, Қазақстан, Беларусь және Ресейдің таңдаған жолының дұрыстығын өмір көрсетіп отыр. Посткеңестік кеңістіктегі елдердің дезинтеграциялануына жол бермеу үшін ТМД құрылды.
 
ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу