Қырғыз Республикасы 2015 жылы ЕЭО құрамына кіруге ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғыз Республикасы 2015 жылы ЕЭО құрамына кіруге ниетті

29.05.2014
Қырғыз Республикасы 2015 жылы ЕЭО құрамына кіруге ниетті
Қырғыз Республикасы  2015 жылды Еуразиялық экономикалық одақ құрамында қарсы алуға ниетті.
 
 Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына бақылаушы ретінде қатысқан  Қырғыз елінің басшысы Алмазбек Атамбаев осылай деді.
 
«Жаңа 2015 жылды жаңа бірлестікте қарсы алғымыз келеді. Мен бұған қырғыз парламентінің,  парламент депутаттарының қолдау білдіретініне үміт артамын», - деді Қырғыз президенті.

Хабарламаларға жазылу