Алматыдағы қаржылық реттеуші одақтың негізгі қызметтерін атқаратын болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы қаржылық реттеуші одақтың негізгі қызметтерін атқаратын болады

30.05.2014
Алматыдағы қаржылық реттеуші одақтың негізгі қызметтерін атқаратын болады
Алматыда орналасатын  Еуразиялық экономикалық одақтың қаржылық реттеушісі ықпалдастықтың негізгі қызметтерін атқаратын болады. Бұл туралы бүгін ресейлік сарапшы, саяси ғылымдардың кандидаты, РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің оқытушысы Евгения Махмұтова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
«Қаржылық регулятор Алматыда орналасуының өзінде үлкен мән жатыр. Себебі, ол Еуразиялық экономикалық одақтың ең басты қызметтерін атқаратын болады. Мұнда мен ешқандай қарама-қайшылықтар көріп тұрғаным жоқ. Меніңше, барлығы заңды және қисынды. ЕАЭО-ның құрылуының себебі болған басты қызметтердің басым бөлігі Қазақстанда орналасады», - деп атап өттіЕ.Махмұтова Астанада Орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингте.
 
Сонымен қатар, аталмыш брифингке қатысқан РФ сауда-өнеркәсiптiк палатасындағы ШЫҰ және ТМД елдерінің экономикалық бiрiгу сұрақтарына арналған комитеттiнің мүшесі, саясаттану ғылымының кандидаты Елена Кузьминаның атап өткеніндей, мемлекеттер арасында үлестірілген құзыреттілік пен қызметтер теңдей үлестірілген және өзара тең құқылы принциптер аясында құрылған.
 
«Ең бастысы, еуразиялық экономикалық комиссиядағы лауазымды тұлғалар арасындағы қызметтер теңдей бөлінген. Белгілі бір блоктарға жеке бір мемлекет міндетті, сондықтан мұнда теңдік мәселесі өте жақсы шешілген», - деді Е.Кузьмина.
 

Хабарламаларға жазылу