Шымкент зообағына Қырғыз елінен 10 тиін мен 2 сілеусін әкелінді. Таяуда мұнда басқа да хайуанаттар әкелінетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Зообақ директорының орынбасары Латифша Әлиевтің айтуынша, хайуанаттарды жеткізу оңайға түспеген.
«Хайуанаттар күйзелісті бастан өткерді. Жол өте ауыр болды. Қазақстандық шекараның өзінде бірнеше сағат тұрдық», - деп әңгімеледі Латифша Әлиев.
Жаңа тұрғындарды зообақ қызметкерлері Пржевальский жылқысына ауыстырды. Мұнда бір ғана тиін болған еді, ал сілеусін 10 жылға жуық уақыт бойы болмаған.
Жақында зообақта басқа да хайуанаттар болмақ. Ал осыдан аз уақыт бұрын Моңғолияданәкелінген Шерхан атты амур жолбарысы жаңа жағдайға жерсініп кетті.
|