Төлқұжаты шимайланған қытайлық елден кете алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төлқұжаты шимайланған қытайлық елден кете алмай жүр

01.06.2014
Төлқұжаты шимайланған қытайлық елден кете алмай жүр
Қытайлық отбасының белгілі бір уақытқа дейін Оңтүстік Кореяда қалуына тура  келді. Себебі, баласы әкесінің төлқұжатын танымастай етіп шимайлап тастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарт Metro.co.uk-қап сілтеме жасап.
 
Оңтүстік Кореяға  барған қытайлық отбасының баласы әкесінің паспортын алып, оны сурет салатын альбом ретінде қолданған. Ол әкесінің суреті бар беттен бастап, барлық жерге адамдар мен жануарлардың суреттерін салып тастаған. Бала әкесінің суретінің үстіне қара фломастердің  көмегімен аздаған шаш қосқан.
 
Осылайша, суреттегі әкесінің бейнесі танымастай болып өзгерген. Ал,  әуежай қызметкерлері болса, оның Қытайға аталған суретпен қайта алмайтынын ескертіп, елден кетуіне тыйым салды.

Хабарламаларға жазылу