Әйелдің дауысы оның жұмысқа орналасуына әсер етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әйелдің дауысы оның жұмысқа орналасуына әсер етеді

01.06.2014
Әйелдің дауысы оның жұмысқа орналасуына әсер етеді
 
Жұмыс іздеуші әйелдердің бәсең, қырылдап қарлыққан дауыстылары  әңгімелесудің қорытынды кезеңінен өтпейтін көрінеді. Бұл Майами университеті мамандарының зерттеуі нәтижесінде белгілі болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
The Deccan Chronicle, басылымының жазуынша, шіңкілдеген төмен дауыс әйелдің тартымсыз болмысын қалыптастырады екен.
 
Тәжірибе барысында жеті жас әйел мен ердің қалыпты және сәл қарлыққан дауыстарын жазылып алынған. Кейін жазып алған дауыстарын 800 ерікті бар топтың ішінде ойнатқан.
 
Олар жазылған дауыс иесінің қаншалықты білімді, білікті, сенімді және тартымды адам екенін анықтау керек болған. Сонымен бірге, олар дауысты тыңдау арқылы кімді жұмысқа алатындықтарын айтқан.
 
Нәтижесінде, еріктілер 80 пайыз жағдайда қалыпты дауыс иелерін таңдаған. Дауысты жазу кезінде адам дауысын әдейі қарлықтырса, еріктілер оны төмен бағалап, жұмысқа қабылдағысы келмейтіндіктерін көрсеткен. Қарлыққан дауыс иелері сенімсіз адамдар деп саналса керек.

Хабарламаларға жазылу