ШҚО мен Қытай елінің арасында теміржол салынбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО мен Қытай елінің арасында теміржол салынбақ

02.06.2014
ШҚО мен Қытай елінің арасында теміржол салынбақ
Қытайдың Қарамай қаласы мен Шәуешекке дейінгі аралығында теміржол құрылысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
 
Одан соң Шәуешектен Аягөзге дейін жол тарту жоспарланып отыр. Бұл Қытай тарапына Қазақстан арқылы Еуропаға шығуға мүмкіндік берсе, еліміз үшін Қытайға жүк тасымалдауды дамытуға ықпал етпек.
 
«Биыл сәуірдің 11-і күні Қарамай қаласынан Шәуешекке теміржол құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстарын 2016 жылы аяқтау  жоспарлануда», - деді ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің Тарбағатай округы партия комитетінің хатшысы Ху Бынжы.
 
Сондай-ақ, Аягөз ауданы аумағында 18 гектар жерге көлік-логистикалық терминал салу жоспарланып отыр. Бұл тек Қытай елімен емес, сонымен қатар, көрші Ресеймен де экономикалық байланысты нығайтуға мүмкіндік бермек. 

«Аягөз қаласында теміржол саласында 12 кәсіпорын жұмыс істейді. Біздің Түрксіб теміржолы бүгінгі күнде 60 пайызға ғана жүктеліп тұр. Жоспарланған жобалар іске асырылып, жүк тасымалдау инфрақұрылымын әрі қарай дамытсақ, осы көлік компанияларының жұмысы толық қамтамасыз етілмек. Сол кәсіпорындар экономиканың дамуына  үлесін қосады деген үлкен жоспарымыз бар», - деді Аягөз ауданының әкімі Нұрбол Нұрғалиев.
 

Хабарламаларға жазылу