Бүгін Швейцарияда Күннен қуат алатын ұшақ сынақтан өтпек. Құрастырушылардың айтуынша, ұшақ 2015 жылы Жер шарын ешқайда қонбай айналып өтеді.
Solar Impulse 2 ұшу аппараты былтыр аэропланның үлкейтілген нұсқасы. Сондай-ақ, Күн энергиясынан қуат алатын бұл ұшақты адам 26 сағат басқарған. Бұл - рекордтық көрсеткіш.
Solar Impulse 2 аппаратын Бертран Пиккар мен Андре Боршберг басқарады. Жаңа ұшу аппараты көмір пластиктерінен жасалған. Оның қанаттары «Боинг-747» ұшағының қанатынан кеңірек. Алайда, Solar Impulse 2-нің салмағы 2,3 тоннаны ғана құрайды.
|