Елбасы Бурабайда Шетелдік инвесторлар кеңесінің жалпы отырысын өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Бурабайда Шетелдік инвесторлар кеңесінің жалпы отырысын өткізеді

02.06.2014
Елбасы Бурабайда Шетелдік инвесторлар кеңесінің жалпы отырысын өткізеді
 
12-13 маусым күндері ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші жалпы отырысы өтеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтетін жиын инвесторлардың Қазақстан Республикасының екінші индустриялық-инновациялық бесжылдығына қатысуы мәселелеріне арналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
Негізгі баяндамашылар ретінде қазақстандық тараптан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешев және шетелдік тараптан Еуропалық Қайта құру және даму банкінің президенті Сэр Сума Чакрабарти сөз сөйлейді деп жоспарлануда.
 
Сонымен бірге, «Азиялық даму банкі», «Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы», «Бэйкер мен Макензи», «Сбербанк», «Би Джи Групп», «Дженерал электрик», «ЛУКОЙЛ», «Камеко», «ШЕЛЛ» сияқты компаниялардың басшылары сөз сөйлейді деп жоспарлануда.

Шетелдік инвесторлар кеңесі - Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен өтетін конкультациялық-кеңесші орган.
 
Кеңес 1998 жылы шетелдік инвесторлардың елдегі инвестициялық қызметіне байланысты  проблемалық мәселелерді және Қазақстандағы инвестициялық ахуалды тиімді шешу, ҚР Үкіметі мен шетелдік инвесторлардың арасындағы тікелей диалогты қамтамасыз ету үшін құрылды.
 
Кеңестің басты міндеттері - инвестициялық саясат пен елдің экономикалық дамуы аспектілері бойынша Қазақстан Президенті мен Қазақстан Үкіметінің қарауына ұсынбалар мен ұсыныстар жасау.
 
Кеңес құрамына қазіргі уақытта 35 шетелдік компания мен халықаралық ұйымдардың басшылары кіреді.

Хабарламаларға жазылу