Мәскеудің Шереметьево әуежайында «Ил-96» ұшағы өртенді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Әуежай өкілі Роман Генистің айтуынша, оқиға сағат 14.25-те ұшақ тоқтайтын алаңда болған.
«Бортта өздігінен өрт тұтанды. Қазір жалынды сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Оқиға кезінде«Аэрофлот» компаниясына тиесілі ұшақ бортында ешкім болған жоқ», деді Шереметьево әуежайының ресми өкілі Роман Генис.
Оның атап өтуінше, оқиға әуежай жұмысына кедергі келтірген жоқ.
|