Астанада бүгін Саратов кәсіпорны ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада бүгін Саратов кәсіпорны ашылады

04.06.2014
Астанада бүгін Саратов кәсіпорны ашылады
Бүгін Астана қаласында  Саратов облысының күндері аясында Қазақстандағы «Рубеж» КТ Саратов кәсіпорнының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Бұл туралы astana.kz сайты хабарлады.
 
Шараға Саратов облысының губернаторы Валерий Радаев пен Астана қаласы әкімінің орынбасары  Василий Крылов қатысады.
 
Еске салайық, қазіргі уақытта елордамыз көрші мемлекеттермен қарым-қатынасты нығайтуды жалғастыруда. Саратов облысының күндері барысында бірқатар кездесулер өткізіліп, тараптар түрлі салаларда тәжірибе алмасты, сондай-ақ, аймақтық ынтымақтастықтағы маңызды мәселелерді талқылады. Бұдан басқа, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, жол-көлік инфрақұрылымы және т.б. 10 бағыт бойынша жоспар әзірленді.

Хабарламаларға жазылу