Бүгін Астанада ЕАЭО елдеріне ортақ экологиялық акция басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астанада ЕАЭО елдеріне ортақ экологиялық акция басталды

05.06.2014
Бүгін Астанада ЕАЭО елдеріне ортақ экологиялық акция басталды
Акцияға қатысушылар өз жұмыстарын Астананың «жасыл белдеуіне» кіретін орман алқабын тазарту жұмыстарынан бастады.
Шараға ҚР Қоршаған орта және су ресустары министрі Нұрлан Қаппаров қатысты.
 
Аталған шара 130 мың адамның қатысуымен Қазақстанның барлық аймақтарында өтті.
Ал, астана қаласындағы 600 ерікті тазалануға тиісті 1000 гектар жер алқабының, 100 ге тарта аумағын қоқыстан тазартып шықты.
 
ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров  БАҚ өкілдеріне берген мәлімдемесінде «ЕАЭО елдерінің Қоршаған орта министрлері ЕурАзЭҚ  отырысында 5 маусым күні үш елде бірдей осындай сенбілік өткізуге уағдаласқан едік.  Біздіңше, бұл өте жақсы акция. Бұл әзірше бірінші шара, дегенмен болашақта ол біздің Еуразиялық құрлықта өз жалғасын табады деп ойлаймын», - деді.
 
Ал,  Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аң шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Өстеміров: «тұрмыстық қалдықтар полигонына тақау аймақта сенбілік жасаудың өзіндік мәні бар. Өйткені, полигон  Астананың «жасыл белдеуіне» кіретін орман алқабына жақын орналасқан. Сондықтан, осы полигоннан ұшқан қалдықтар орман алқабына кері әсерін тигізуде» деді.
 

Хабарламаларға жазылу