Астанада танымал қырғыз суретшісі Диас Үстеміровтің «Көшпендінің жаны мен қанаты»атты жеке көрмесі ашылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Көрмеге Д.Үстеміровтың 60-қа жуық еңбегі қойылмақ. Суретші Диас Үстеміров В.И.Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік академиялық көркемсурет институтын қондырғылы көркемсурет факультетін бітірген. Бүгінде оның туындылары АҚШ, Канада, Франция, Англия, Германия, Жапония, Қытай, Түркия, Малайзия, Австралия сынды көптеген мемлекеттерде жеке коллекцияларда сақталуда.
Айта кетейік, көрме 10 маусым күні сағат 18.30-да «Рамада Плаза» ғимаратында орналасқан «Шежіре» галереясында ашылады. |