![«Ертіс» өз құрамына қосылатын болгарлық футболшыға айына 20 000 еуро төлемек](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_37426.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Павлодарлық «Ертіс» футбол клубын «Левскидің» болгарлық қорғаушысы - 27 жасар Орлин Старокин толықтырады, деп хабарлады Vesti.kz.
Жаңа легионер «Ертіске» осы жазда келмек. Павлодарлық клуб жартылай қорғаушы болып та ойнай білетін сол қаптал қорғаушысымен келісімшартқа қол қояды.
Сондай-ақ, жаңа павлодарлықтың алатын айлығы да белгілі болды. Sportal.bg хабарлауынша, Старокин «Ертіс» футбол клубында айына 20 000 еуро алмақ. Айта кетейік, легионердің «Левскиде» жүргендегі жалақысы - айына 4 мың еуро болған.
Еске сала кетейік, қазақстандық премьер-лигада трансферлік терезе 11 маусымда ашылады. Клубтар 8 - ші шілдеге дейін өз құрамдарын өзгерте алады .
ҚазАқпарат
|
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Ертіс» өз құрамына қосылатын болгарлық футболшыға айына 20 000 еуро төлемек&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/86966/)