Сыр өңірінде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында толымды жұмыстар атқарылуда. Мемлекет қолдауымен биылдың өзінде шаһарда 60-тан аса тұрғын үй бой көтереді.
Осы орайда Қызылордаға барған Мәжіліс депутаттары бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты. Бақытбек Смағұл мен Балайым Кесебаева бастаған депутаттар, алдымен қаладағы индустриалды аумақты аралады.
Құрылысы қарқын алған шыны зауытында болып, алып өндіріске қажетті қуат көзін беретін жаңа қосалқы станцияның іске қосылу сәтіне куә болды.
Әділбек СЕРІКҰЛЫ