Бүгін облыс әкімі А.Мырзахметов пен өңірдің зиялы қауым өкілдері Шымкент қаласының жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтеретін 8 мың орындық мешіттің капсуласын салу рәсіміне қатысты.
Барша мұсылман үшін қасиетті Ораза айының алдында құрылысы басталатын нысан 2016 жылы қасиетті Рамазан айында ел игілігіне тапсырылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мұнда автокөлік қоюға арналған көп деңгейлі паркинг, жеделсаты, эскалатор, ауа ағымын реттеуге арналған заманауи жүйелер орнатылады.
Сонымен қатар, Күннен қуат алатын құрылғылар қойылады Ғимараттың еденін ауа арқылы жылытып, салқындататын заманауи жүйе орнатылады.
Мешітте мұсылмандық жораларды жасайтын орындар, конгресс-холл, тамақтануға арналған зал, неке сарайы, исламдық білім беру орталығы, медресе, кітапхана, асхана, фитнес залдары, әкімшілік бөлмелер салынады.
Кешенде білім алушыларға арналған тұрғын жай мен қонақтарға арналған апартаменттер болады.