Биылғы жылы «FLEX/ACCELS», бағдарламасы аясында қызылордалық «Мұрагер» дарынды балалар мектебінің 5 оқушысы Америка құрама Штаттарында 1 жыл оқу мүмкіндігіне ие болды – деп хабарлайды Kazinform халықаралық ақпараттық агенттігі
АҚШ Конгресі бекіткен бағдарлама жоғары сынып оқушыларының тәжірибе алмасуына жағдай жасайды. Бағдарлама грантын жеңіп алған оқушылар сол елде бір жыл тұрып білімдерін шыңдайды.
1995 жылдан бері «Мұрагер» дарынды балалар мектебінен мұхит асып 78 оқушы болып қайтты. Жолдаманы жеңіп алған Анел Тілеген, Айқаракөз Әбжан, Яна Третьякова, Виктор Ким және Лоберт Ли өз ұстаздарына шексіз алғыстарын жеткізуде. Олар сондай-ақ, білімдерін жетілдіріп елге оралған соң, жинаған тәжірибелерін Қазақстанның дамуына арнамақ, делінген хабарламада.
|