Астанада аударыспақтан І ашық Азия чемпионаты өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада аударыспақтан І ашық Азия чемпионаты өтуде

15.06.2014
Астанада аударыспақтан І ашық Азия чемпионаты өтуде
Бүгін Астанадағы «Қазанат» атшабарында  тұңғыш рет аударыспақтан І ашық Азия чемпионаты өтуде.
 
Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының мұрындық болуымен  өтіп жатқан жарысқа Ауғанстан, Әзірбайжан, Венгрия, Қырғыз, Қытай, Моңғолия, Түркия, Тәжікстан, Өзбекстан, РФ Алтай Республикасынан ойыншылар келді.
 
Жарыс 70 келіге дейінгі, 90 келіге дейінгі және 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ұйымдастырылды.
 
Қазақстан атынан шығатын негізгі үміткерлер:  Е.Жапишев, Е.Байғонов (70 келіде), С.Ізбасаров,  М.Аринов  (90 келіде), Б.Қосалиев, М.Тамикенов (90 келіден жоғары салмақта).  
 
Абсолютті чемпионға «Алтын белбеу» мен автокөлік сыйға тартылады.
 

Хабарламаларға жазылу