Қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жан-жақты насихаттайтын ұлттық-этнографиялық «Дәстүр» журналының www.dasturkb.kz сайты ашылды.
Енді журналда жарық көрген халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпы,салт-дәстүрі, наным-сенімдері төңірегіндегі сыр шерткен ойлы, ғылыми мақалаларды, құнды пікірлерді ғаламтордан оқуға болады.
«Дәстүр» журналының мақсат-мүддесі – ұмыт қалған әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ырым-тыйымдарды жас ұрпақтың санасына сіңіріп, бабалар салған қасиетті жолды қайта жаңғырту, ел ішінде жан-жақты насихаттау.
Сайт салт-дәстүр, тұлға, қолөнер, жәдігер, салт-дәстүр жырының антологиясы т.б айдарларымен қамтылған.
Сайттың ұйымдастырушысы әрі бас редакторы - Қазақ Ұлттық салт-дәстүр академиясының академигі, ақын Қасымхан Бегманов.