![ҰБТ-дан 124 балл жинаған екі ақтөбелік түлекке көлік мінгізді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_37650.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ақтөбеде облыстық әкімдіктің алдында оқу жылының аяқталуына байланысты салтанатты шара өтті. Онда жыл бойы үздік оқу нәтижесін көрсеткен және ҰБТ-ны сәтті тапсырған түлектерге планшеттер мен жеңіл көліктер табыс етілді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Айта кетейік, Ақтөбе - ҰБТ нәтижесі бойынша Алматы мен Астанадан кейін үшінші орында. Облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова оқу жылының аяқталуымен құттықтады.
Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына, «Алтын белгілерін» сәтті қорғап шыққан 159 түлекке және ҰБТ-дан 123 балл жинаған 4 балаға планшеттер сыйға тартылды.
Ал, ҰБТ-дан 124 балл жинаған екі түлек ерекше сыйға бөленді. «Сымбат» жеке меншік мектебінің түлегі Айдана Мұратқа және дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың түлегі Жанар Болатаваға жеңіл көліктің кілттері табыс етілді.

![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ҰБТ-дан 124 балл жинаған екі ақтөбелік түлекке көлік мінгізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/87190/)