Б.Әбдішев Қарағанды облысының әкімі қызметінен өз өтініші бойынша кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Б.Әбдішев Қарағанды облысының әкімі қызметінен өз өтініші бойынша кетті

20.06.2014
Б.Әбдішев Қарағанды облысының әкімі қызметінен өз өтініші бойынша кетті
Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев өз еркімен отставкаға кетті. Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин хабарлады.
 
«Облыс басшысы ауысты. Әбдішев Бауыржан Түйтейұлы Мемлекет басшысына атқарып отырған лауазымынан босату туралы өтініш білдірген, Президент өз Жарлығымен Әбдішев Бауыржан Түйтейұлын Қарағанды облысы әкімі лауазымынан босатты», - деді өңір активінің отырысында Нұрлан Нығматулин.
 
ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы атап өткендей, Б.Әбдішевтің жинақтаған мол тәжірибесі ескеріліп, келешектегі жұмыс орны таяу арада белгілі болады.
 
«Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-ші бабының 4-ші тармағына сәйкес облыстық мәслихаттың келісімімен Нұрмұхамбет Әбдібековті Қарағанды облысының әкімі етіп тағайындады», - деп таныстырды өңірдің жаңа басшысын Н.Нығматулин.
ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу