Алматы шаршы алаңында атақты боксшылар жұдырықтасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы шаршы алаңында атақты боксшылар жұдырықтасады

23.06.2014
Алматы шаршы алаңында атақты боксшылар жұдырықтасады
8-13 шілде аралығында Алматыда бокстан Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы өтеді. Жарысқа қатысуға 14 елдің боксшылары ниет білдіріп отыр. Олар: Қазақстан, Куба, Ресей, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Моңғолия, Армения, Түркіменстан, Филиппин, Украина, Таиланд, Әзірбайжан мен Ирак.
 
Куба құрамасы барлық он салмақ категориясында боксшыларын алып келеді: Амадор Сантьяго Падрон (49 келі), Хорхе Луис Кордеро Парлай (52 келі), Олимпиада чемпионы Робейси Рамирез (56 келі), Пабло Висенте Кармона (60 келі), Луис Оливейра Генер (64 келі), ӘЧ-2013 күміс жүлдегері Ариснодиус Диспэйн (69 келі), Арлен Лопез Кардона (75 келі), Эмануэль Рейес Плат (81 келі) Херих Руис Кордова ( 91 келіге дейін), Йоанди Тоирак Ортега (91 келіден жоғары).
 
Сондай-ақ, барлық салмақта Әзірбайжан командасы да қатысатын болды. Олардың құрамында Әлем чемпионы Гавид Челебиев (56 келі), ОИ және ӘЧ жүлдегері, Еуропа чемпионы Теймур Маммадов (91 келіге дейін) бар.
 
Толық құраммен Өзбекстан құрамасы да келеді. Олардың құрамасында Универсиада чемпионы Хасанбой Дусматов (49 келі), Әлем чемпионатының финалисі және қола жүлдегері Жасурбек Латипов (52 келі), Азия чемпионы Ойбек Мамазулунов (81 келі) бар.
 
Ирак құрамасында қазақстандық маман Дамир Буданбеков басқарған алты боксшы бар.
 
Қырғыз Респбликасы құрамасы сегіз салмақ категориясында келеді.  Басты жұлдызы - қазіргі Азия чемпионы Азат Усеналиевпен (52 келі).
 
Әр салмақ категориясында бір бірден боксшы қатысатын командалардың бірі – Моңғолия құрамасы. Өз байрағын желбірітуге Олимпиада және Әлем чемпионатының финалисі Цуцгот Нуямбаяр (56 келі),
жақында Алматыда әскерилер арасында өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы Батарсуг Чинзориг (64 келі), Азиада және әлем біріншілігінің жүлдегері Оторянгал Яргал (75 келі) келеді.
 
Филиппиндер үшін Азия ойындарының жеңімпазы Рэй Салудар (52 келі) жұдырықтасады.
 
Тайланд командасының құрамасында Азиаданың қола жүлдегері Вуттичай Масук (64 келі) пен Азия чемпионатының финалисті Сайлом Арди (56 келі) бар.
 
ҚР Ұлттық құрамасы үш құрамын қатыстырады.

Хабарламаларға жазылу