1-тамыздан бастап, Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Номад» немесе «Көшпенділер» атты халықаралық тележоба басталады. Бұл туралы Аltaynews.kz хабарлайды.
Жаңа реалити-шоу жобасын облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасы іске асырмақшы.
Қатысушылар ұлттық паркте табиғи жағдайда өмір сүріп, киіз үйлерде тұрады, көшпенділердің тұрмыс-салтын сезініп, өркениет атаулыдан алыстайды, қиындықтарға төтеп береді. Аталмыш тележоба еліміздегі орталық телеарналардан көрсетілетін болады.