Астанада биыл құрылысы басталған жаңа темiржол вокзалы 2017 жылы пайдалануға берiледі Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Көлiк және коммуникация министрi Жеңiс Қасымбек мәлiмдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрдің сөзінше, жыл сайын Астана арқылы жүретiн жолаушылар саны артып келедi. Қазiргi вокзал өзiнiң қуатынан 30 пайызға артық жолаушыларды қабылдап отыр.
«Сондықтан, «Қазақстан темiржолы» компаниясы тәулiгiне 35 мың жолаушыны қабылдауға қауқарлы жаңа вокзалдың құрылысын бастады. Бiздiң жоспарымыз бойынша EXPO-ға енетiн бұл нысан 2017 жылы пайдалануға берiледi», - деп атап өттi ол.